Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының өзі былтырғы жолдауында айтқан еді. Қазір еліміздегі колледждер жаңару мен жаңғыру жолында. Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Мәселен, тек Ақтөбе облысында арнаулы кәсіптік білім ордаларын бітірген түлектердің 91 пайыздан астамы жұмысқа орналасады.
Махамбет Нығматуллин Ақтөбе политехникалық колледжінде электрмен жабдықтау мамандығы бойынша біліп алып жүр. Білім ордасына әкелінген заманауи құрал-жабдықтармен танысып, оларды іс жүзінде қолданып көрген. Оқуын аяқтаған соң өзіне ыңғайлы жұмыс табарына сенімді. Өйткені нарықта білікті мамандарға сұраныс көп.
Махамбет Нығматуллин, студент:
Осы мамандық ұнайды, электрмен қамтамасыз ету бойынша. Оқу бітіргеннен кейін үлкен компанияларға кіріп, жұмыс істегім келеді немесе өзімнің кәсібіммен айналысқым келеді.
Студенттер өз мамандығы бойынша өңірдегі жетекші кәсіпорындардан оқу практикасынан өтеді. Түлектерінің 95 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады.
Ғалымжан Ізімов, Ақтөбе политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы:
Энергетика саласына, IT саласына, техника ғылымдарына басты бағыт бұрған болатын. Осы үш сала бойынша да біздер студенттерді оқытамыз. Осы үш саланың маңыздылығын мен де құптаймын. Себебі кәсіби білікті маман біздің экономикамыздың негізгі драйвері деп айтамыз.
Өңірде техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл нарық сұранысына сай колледждерде жаңадан флорист, қонақ үй әкімшісі секілді 5 мамандық ашылды. Жалпы, облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 40 білім ордасы жұмыс істейді. Онда 28 мың білім алушы бар.
Бұлбұл Күзембаева, облыстық Білім басқармасының басшысы:
Трансформациялаудың бір бағыты – колледждердің қаржылық моделін жаңарту. Бұл дегеніміз – бүгінгі таңда коледждер негізінен мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізіледі және кадрларды мақсатты даярлауға тапсырыс беріледі. Ендігі мақсат – осы колледждердің жанынан кәсіпорындар ашу.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл жерде студенттерге айналған еліміздің батыс аймағындағы ең үлкен IT хаб салынып жатыр. Аумағы 1 700 шаршы метр. Мұнда бір мезетте 300 білім алушы келіп, өз идеяларын жүзеге асыра алады. Нысан 2026 жылдың басында қолданысқа берілуі тиіс.
Жоба құны 1 миллиард теңге. Қаржы облыстық және республикалық бюджеттен қарастырылған. Биыл өңірде мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын студенттерге 7624 орын бөлінді. Оның 60 пайызы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанде екі есеге көп.
Жақсыбек Кемал
