Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 100 жыл

04.10.2018

Биыл көрнекті қазақ қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 100 жыл. Осыған орай, Қостанайда ғылыми-практикалық конференция өтті. Қаламгердің шығармашылығы мен қызметі жайлы баяндамалар оқылып, тың деректер жарияланды. Қайнекей Жармағанбетов ұлттық әдебиетке баллада, яғни, оқиғалы өлең жанрын орнықтырған. Лирикалық шығармаларға да қалам сілтеген. Проза жанрындағы еңбектері де, қазақ әдебиетінің құнды дүниелерінің қатарында. Батыс, шығыс, орыс әдебиетшілерін тәржімалаған аудармашылық еңбегі бір төбе. Бір сөзбен, бойындағы бар талантын ұлтына қызмет етуге арнаған тұлға. 

Нағашыбай Мұқатов, ақын:

- Қайнекей, 1950-1960 жылдары әдебиетке келген ақын-жазушылардың көбіне ағалық қамқорлық жасап, көмектескен адам. Қайнекей 56 жыл ғана ғұмыр кешті. Ол кісі дүниеден озғанда «Қазақ әдебиеті» газеті, «Энциклопедиялық білімі бар даңқты жазушы өтті» деп жазды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу