Жыл басынан бері 292 мың адам жаңа жұмысқа орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 130 мыңдай азамат жіберілген. Электрондық еңбек биржасындағы вакансиялар бойынша 86 мыңнан астам адам жұмыс тауыпты. Ал мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» атты бастамасы аясында 66 мыңнан астам жұмыссыз «екі қолға бір күрек» тапқан. Орталықта мемлекеттік органдардың да жобалары бар. Оның арқасында 10 мыңға жуық азамат еңбекке тартылды. Тағы 221 мың азаматқа жұмыс табуға жәрдем берілген. Мәселен, кейбірі еңбек нарығына қажет дағдылар бойынша оқудан өтсе, енді біреулері кәсіпкерлік негіздерін игеріп жатыр.
Данияр Қайыртай
