«Мемлекеттік саясат нашақорларға кеңшілік танытып, ал есірткі саудасына қатаң және мүлде төзбеушілік ұстанымда болуға тиіс». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осылай мәлімдеді. Әрі есірткіге тәуелділерді емдеу-сауықтыру шараларымен жеткілікті деңгейде қамтуды тапсырды. Аталған індетке қатысты статистикалық мәліметтерді жинау мен өңдеу жұмысын жетілдіруді де міндеттеді. Химиялық заттардың таралуын қадағалау да кезек күттірмес мәселе екенін айтты.
Данияр Қайыртай
