«Саламатты Қазақстан» пойызы Ақмола облысына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ақмола облысына жетті

12.08.2025

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақмола облысына келді. Мамандар бірінші болып Зеренді ауданындағы Шағалалы станциясына тоқтады. Бұл - шалғайдағы елді мекен тұрғындарына білікті әрі тегін медициналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба. Медициналық пойыз заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тұрғындарға терапевт, педиатр, гинеколог, стоматолог, офтальмолог сынды білікті мамандар қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда диагностикалық зерттеулер, зертханалық талдаулар мен шағын хирургиялық операциялар да жүргізу қарастырылған. Бұған қоса, бұл әлеуметтік жоба аясында кәсіби заңгерлер мен медиаторлар тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, даулы жағдайларды шешуге көмектеседі. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты ұсыныстар береді.

Елнұр Маханов, аға дәрігер:

Тұрғындарға кеңес береміз. Кез келген науқас тегін медициналық көмекке жүгіне алады. Қажетті мамандар тексеріп, қажет болса, порталға тіркеп, жоспарлы ем-дом тағайындаймыз. Ал жағдай күрделі болса, республикалық орталықтарға жолдама беріп, ем алуға жәрдемдесеміз.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу