Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 6,3% өсті. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 22,5%-дық ең жоғары өсімді – көлік және қойма қызметі көрсеткен. Одан кейін құрылыс саласы да қарқынды қарыштапты – 18,5%. Көтерме және бөлшек саудадағы өсім 8,6% болса, тау-кен өнеркәсібі 8,5% өскен. Жалпы ішкі өнімнің серпін алуына өңдеу өнеркәсібі де үлес қосқан. Сала 6,1% өсім көрсетті.
Данияр Қайыртай
