Е.Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына өтті

12.08.2025

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Отандасымыз үшінші айналымда бельгиялық теннисші Элисе Мертенспен кездесті. Әлемнің оныншы және жиырма екінші ракеткасы арасындағы бәсеке тартысты өтті. Шыны керек, Рыбакинаның жанкүйерлері уайымдаған да шығар. Ойынның бірінші бөлігінде Елена қос қатеге жиі бой алдырды. Бұл қарсылас үшін пайдасын тигізбей қоймады. Бұл сет 4:6 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте отандасымыз есе қайтаруға барынша тырысты. Алғашқы үш геймді өз еншісіне жазды. Партия соңына дейін басымдықты сақтай білген Елена есепті теңестірді. Ал шешуші сын екі теннисші де оңай берілгісі келмеді. Есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасап кетті. Артынша жерлесіміз соңғы геймді де сәтті пайдаланды. Енді Елена ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизді жеңуі керек. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу