Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

11.08.2025

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефонмен сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады. Тарихи маңызды құжатқа Никол Пашинянның саяси алғырлығының арқасында қол қойылды. Ол өз мемлекетінің ұлттық мүддесі жолында стратегиялық көрегенділік танытты, делінген Ақорда таратқан хабарламада. Қазақстан келіссөздерге өз алаңын ұсына отырып, екі ел арасындағы саяси диалогқа одан әрі септігін тигізуге ниетті. Никол Пашинян жылы лебізі мен қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ бейбітшілік орнатуға қатысты келіссөздің кейбір тұстары жөнінде мәлімет беріп, АҚШ Президенті Дональд Трамптың айрықша рөлін атап өтті. Премьер-министр Қазақстанның Армения мен Әзербайжанды татуластыруға қосқан үлесін оң бағалады. Және биыл Қазақстанға арнайы сапармен келетінін растады. Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен де әңгімелескен болатын.

Шерхан Жамбылұлы 

Хабарламаларға жазылу