Астанада қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды

26.09.2018

«Позитив». Осындай атаумен елордада қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды. Шараның бұлай аталуы кездейсоқ емес. Өйткені, фестивальде ұсынылған 10 туынды да өмірге құштарлықты оятып, жағымды эмоциялар сыйлауы тиіс. Кинофестивальдер дәстүріне сәйкес актерлер алдымен қызыл кілеммен жүріп өтті. Қысқаметражды фильмдер жанры елімізде енді қанат қаға бастады. Сондықтан, сапалы дүние жасауға ынтық жас режиссерлер ресейлік актерлердің де көмегіне жүгінген. 4 фильм Астананың 20 жылдығына арналған. Көрсетілімнен соң 10 киноның ішінен үздіктері анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталмақ.

Сәбит Әбдіқалықов, режиссер:

- 10 минуттық фильм болғандықтан, 7-8 күнде, кей фильмді бес күнде түсіріп тастаған жағдайлар болды. Астананың 20 жылдығына орай түсірілгеннен кейін Астананың жақсы көріністерін көрсету, ғимараттарымызды көрсету керек болды. Сонымен қатар, адамдарға рухани байлық беретін, позитивті көңіл беретін фильмдердің сценарийлерімен жұмыс жасадық.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу