Абай облысында төрт мың жылдық тарихы бар ескерткіштер зерттеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында төрт мың жылдық тарихы бар ескерткіштер зерттеліп жатыр

08.08.2025

Абай облысында 4 мың жылдық тарихы бар ескерткіштер зерттеліп жатыр. Тоқтамыс ауылы маңында орналасқан бұл археологиялық кешенде қазба жұмыстары 11 жыл бұрын басталған. Аумағы ауқымды жерден ерте және орта қола дәуірінен бастап, ерте темір және кейінгі түркі кезеңіне дейінгі 100-ге тарта тарихи нысан анықталған. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ұлан Үмітқалиев мәлімдеді. Ғалымның айтуынша, топырақ астынан төрт және алты қырлы ерекше архитектуралық құрылыстар, адам сүйектері табылған. Сонымен қатар жылқы сүйектері, қыш ыдыстар мен тастарға қашалған жылқы бейнелері де зерттеліп жатыр. Қазба жұмыстарына Қытай, Ұлыбритания және Ресей елдерінен келген ғалымдар да қатысуда. Олар ескерткіштерге әлемдік деңгейдегі тарихи жәдігер деп баға беріп отыр. 

Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу