Петропавлда М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай тілдер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай тілдер фестивалі өтті

17.09.2018

Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай дәстүрлі Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өтті. Осымен 20-шы мәрте өткізілген  шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жастар қатысты. Көркем әдебиетке, поэзияға жақын жастар сөз өнерінің құдыретін түсініп, жыр шумақтарын келістіре оқыды. Көркемсөз оқу шеберлерінің ішінен дара озғандары тілдерді дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін мапатталды. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу