Алматыда жазушы-журналист Қайсар Әлімнің 6 кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жазушы-журналист Қайсар Әлімнің 6 кітабы жарық көрді

11.09.2018

Алматыда жазушы-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты Қайсар Әлімнің 6 бірдей кітабы таныстырылды. Қаламгер шығармашылығының 55 жылдығына арналған шарада «Міржақыптың оралуы», «Безінген ләйлек», «Өз өрмегім», «Қызбелдің Қайсары» сияқты жинақтар оқырманға ұсынылды.

Сондай-ақ, белгілі режиссер Қалила Омаровтың «Қалам киесі» атты Қайсар Әлім туралы деректі фильмі көпшілікке көрсетілді. Кеш қонақтары қазақ баспасөзінің дамуына үлес қосып жүрген жазушының бұл еңбектерін қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын туындылар деп бағалады. Ал, автордың өзі бұл алты кітап өмірінде жазған 34 жинақтың ішінде шоқтығы биік кітаптар екенін атап өтті.  

Қайсар Әлім, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

-Бүгінгі тұсаукесердің ішінде күнделіктерімнің екі томдығы бар. Ол күнделіктерім «Өз өрнегім» деп аталады. Ол күнделіктерде Отанымыздың, еліміздің, отбасылық, жалпы, адамгершілік, махаббат мәселелері сөз болады.

Амангелді СЕЙІТХАН              

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

                    

Хабарламаларға жазылу