Ертіс-Баян өңірі еліміздің ұлы тұлғасы Иса Байзақовтың 125 жылдығын атап өтті. Иса ақын жазба әдебиеті мен суырып салмалық өнердің басын қосқан. Яғни синкретті өнер иесі. Сонымен қатар қазақтың алғашқы кәсіби театры ашылуына ат салысқан Исаны «сахна сардары» дейді. Мерекелік шара «Сарыарқаның дүлділі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан басталып, ақынның кіндік қаны тамған Ертіс ауданында республикалық ақындар айтысына ұласты.
Құралай Байзақова, Иса Байзақовтың немересі:
Тек қана біздің отбасымыз үшін емес, Ертіс ауданы ғана емес, бұл осы бүкіл Қазақстанға үлкен мерейтой. Біз тек қуаныштымыз, біздің атамыздың даңқы, оның шығармашылығы туралы, оның актерлігі, композиторлық таланты туралы көп айтылып отыр. Жаңа кітаптардың тұсаукесері болып жатыр.
Иса Байзақов көзі тірісінде «феномен» деген атаққа ие болды. Себебі, ол адам баласының шығармашылық мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеді. Ұлы Мұхтар Әуезов Абайдан кейінгі келесі романым Иса болады деген екен. Бірақ адамзаттың ішіндегі қазақ азаматына тән құбылысты жазып үлгермеді.
Серік Елікбай, Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы:
Оның жазба әдебиеті Мағжаннан да, Ілиястан да кем емес. Кейбір тұстарында озғын түсетін шақтары да бар. Кім көрді көктің жерге құлағанын,
Кім көрді күннің жарық сұрағанын, дейді. Яғни, бұған дейінгі көкте тұрған танымдардын, ұғымдардың, түсініктердің жерге құлағаны, күннің өзі жарық сұрап қалғаны, ұлттың жаңа оянуы, жаңа бағыт, жаңа бағдарға шыққандығын көрсетеді .
Болат Аманбай
