Әлемнің 23 елінде қазақстандық әдебиет орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 23 елінде қазақстандық әдебиет орталығы ашылды

11.09.2018

Енді шетелде жүрген қандастарымыз бен сол елдің азаматтары қазақтың қазынаға толы кітаптарын осы орталықтардан оқи алады. Бұл туралы бүгін III халықаралық оқу конгресі барысында мәлім болды. «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы жиынға 40-тан астам елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, танымал ақын-жазушылар, ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Жиынға қатысушылар кітап оқуды насихаттау, кітапханалық қызмет және ақпараттық ресурстарды дамыту жайын талқыға салды. Сондай-ақ, Ұлттық академиялық кітапхана қорының 1 жарым миллионнан асқандығы туралы ақпарат айтылды. Олардың шамамен 100 мыңы электрондық нұсқаға көшірілген.

Орхан Сөлемес, конгресс қатысушысы /Түркия/:

- Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласына бүгінгі кітап оқуға қатысты жиын негізгі тірек болады деп ойлаймын. Ал, Қазақстанның болашағына жол салатын жастардың кітап оқуы керек деп  санаймын. Ал, кітап оқымаған адам өзінің тегін білмейді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу