Маңғыстау облысында демалыс күндері 4 адам суға кетті

Маңғыстауда өткен демалыс күндері 4 адам суға кетіп, ажал құшты.
Қайғылы оқиға Ақтау қаласының аумағындағы демалыс орындарында және Қарақия ауданы Құрық ауылындағы жағалауда болған. 26 шілде күні қаладан 48 шақырым жердегі демалыс базасында екі бірдей жігіт суға кетіп қалды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін жағадан 10 метр жерден тапқан. Келесі күні сол аумаққа жақын жерде тағы 22 жастағы тұрғын суға кетіп, қаза тапты. Дәл сол күні Құрық ауылындағы жағажайда да қайғылы жағдай тіркелген. Құтқарушылар 1987 жылғы тұрғынның денесін судан шығарды. Ер адамның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46