Шанхайда Khan Tengri Innovation Hub инновациялық хабы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхайда Khan Tengri Innovation Hub инновациялық хабы ашылды

28.07.2025
Шанхайда Khan Tengri Innovation Hub инновациялық хабы ашылды

Бұл - Қазақстан мен Орталық Азия компанияларының Қытайда өз бизнесін сенімді түрде бастауына және дамытуына арналған алаң. Хабтың басты мақсаты – еуразиялық стартаптар мен ІТ-компаниялар үшін жаһандық мүмкіндіктерге жол ашу.

«Khan-Tengri Innovation Hub өңірдегі стартаптар мен кәсіпкерлер үшін қытайлық инвесторлармен байланыстыратын көпірге айналып, инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға жол ашады. Біз бұл хаб еліміздің технологиялық компаниялары өнімдерін Қытай нарығына ілгерілетуде маңызды рөл атқарады деп сенеміз», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

Хабарламаларға жазылу