Құтқар мені. Елордада нашақорлықтың зияны жайлы қойылым сахналанды. Оны Шығыс Қазақстан облыстық жастар театры астаналық көрерменге гастрольдік сапар аясында ұсынды. Туында арқылы қоғам дертіне айналған өзекті мәселені көтеріп, нашақорлықтың адам өмірін қаншалықты ойрандайтынын бейнелейді. Актерлік құрам – жасөспірімдер мен жастардан жасақталған. Мақсатымыз – әлеуметтік жағдайларды түрлі жанрда, жастардың көзімен жеткізу,- дейді театрдың көркемдік жетекшісі.
Үкілай Тұрарбек, «Ассамблея жастары» театрының көркемдік жетекшісі:
Жастарды нашақорлықтан сақтап, тәрбиелік мәні зор дүние болсын деп осы спектакльді ойлап таптық. Өйткені біз де сол жастардың қатарымыз. Әлеуметтік ортада не болып жатқанын көпшілік біле бермейді. Сол шындықты көрерменге театр арқылы жеткізуді мақсат еттік.
Нұртілек Құрманғалиұлы, көрермен:
Қойылымнан ерекше әсер алдым. Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – нашақорлық деп санаймын. Есірткінің кесірінен талай жас өмірін құртып, ата-анасының үмітін ақтай алмай жүр. Тіпті кейбірі өмірін ерте аяқтап жатыр десек те болады.
Ернұр Медет
