Тунис астанасында жүздеген адам президентке қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тунис астанасында жүздеген адам президентке қарсы шеруге шықты

26.07.2025

Ал Тунис астанасында жүздеген адам мемлекет басшысы Каис Саидке қарсы шеруге шықты. Демонстранттар президенттің ел басқаруын «авторитарлық режим» деп атады. Бұған қоса елді «ашық аспан астындағы түрмеге айналдырды» деп айыптаған. Олар қамауда отырған оппозиция лидерлерін, журналистерді және белсенділерді босатуды талап етті. 2021 жылы президент Каис Саид сайланған парламентті таратып, жарлықтармен билік жүргізе бастаған. Оппозиция мұны мемлекеттік төңкеріс деп атады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу