Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аустрияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз ширек финалда командаласы, қазақстандық Александр Шевченкомен кездесті. Бірінші сетте есеп 3:3 болған сәтте Бублик брейк жасап алға шықты. Осылайша, ол бұл партияны 6:4 етіп өз пайдасына шешті. Екінші сет те Бублик үшін аса бір қиындық туғызған жоқ. Қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Жерлесіміз енді финалға шығу үшін нидерландылық Ботик ван де Зандс Хулпты жеңуі керек.
Асылбек Данияр
