Астаналық жұп сырқатынан айыққан баласының еміне 4 жыл бойы халықтан ақша жинап келген. Дәулет пен Толқын Тотақановтар ауыр диагноз қойылған ұлдары Альтаирге ота жасау үшін қаражат жинаған. Емге қажет 50 миллион теңге табылғанымен, жарнаманы жалғастыра беріп, 4 жылда 1 млрд 300 млн-нан астам қаржы жинаған. Оның шамамен 6 миллион теңгесін нақты емделуге жұмсап, қалған ақшаны жылжымайтын мүлік пен саяхаттауға пайдаланған. Қазір ата-анаға «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру» баптары бойынша айып тағылып отыр.
Дархан Рақымжан
