Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі. Екі ел арасында тату көршілік байланыстарға әрі өзара қолдауға негізделген стратегиялық және одақтастық қатынастар қалыптасқаны айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығында бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Лидерлер алдағы кездесулер жоспарын да талқылады.
Шерхан Жамбылұлы
