Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жерасты жолын пайдаланған қылмыстық топ әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жерасты жолын пайдаланған қылмыстық топ әшкереленді

22.07.2025

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын жерасты жолын қазып, жанар-жағармайды заңсыз тасымалдап келген қылмыстық топ анықталды. Олар ұзындығы 450 метр болатын тоннель қазған.

Пысықайлар екі мемлекеттің құқық қорғау органдары бірлесіп ұйымдастырған операция барысында ұсталды. Қолға түскендердің бесеуі Қазақстан азаматы. Сондай-ақ тағы бірнеше Өзбекстан тұрғыны бар. Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, бұл топ екі айға жуық жұмыс істеген. Түркістан облысынан Өзбекстан аумағына мұнай өнімдерін тасымалдаған.

Базаргүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу