Өзбекстанның сыртқы қарызы 70 миллиард долларға жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның сыртқы қарызы 70 миллиард долларға жақындады

18.07.2025

Өзбекстанның сыртқы қарызы 70 миллиард долларға жақындады. Былтырғы жылмен салыстырғанда оның мөлшері 15 млрд долларға өскен. Жалпы, берешек соманың жартысынан астамы немесе 35,8 млрд-ы – мемлекеттік сыртқы қарыз. Қалғаны корпоративтік қарыздар. Өзбекстанда қарыздың ауыртпалығын жеке азаматтар да арқалап жүр. Елдегі әрбір үшінші тұрғынның берешегі бар. Орталық банктің мәліметі бойынша, 5 миллионға жуық азамат банктерден кем дегенде бір несие рәсімдеген. Екі бірдей кредит алғандардың саны 13-тен 16 пайызға артқан. Ал үш және одан да көп несие алғандар қатары 5-тен 11 пайызға дейін өскен.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу