Жинақтың авторы 20 жыл шекара шебінде қызмет еткен Тамара Дәулетбаева. Ол шекарашылардың өмірі туралы қалам тартқан алғашқы қарлығаш. Себебі, бұған дейін ел шебіндегі қырандардың өмірі туралы жазған нәзік жандылар кездеспеген. Сондықтан, мұнда ерлердің ерлігі жайында толғамды ойлар айтылған. Мамандар бұл еңбекті «жастардың назарын шекара қызметіне қарай бұрады», - дейді. Сондай-ақ, ел шебін күзетуге бекінген сарбаздарға тәрбие беретін дүниелер бар. Өйткені, мұнда өмірінен өнеге алатын сардарлардың өмірбаяны берілген.
Тамара Дәулетбаева, «Шекара соқпақтары» кітабының авторы:
- Мұндағы кейіпкерлерім негізінде шекарашылар. Олар шекара үшін жаралған адамдар. Кез келген уақытта дабыл көтерсе болды, көлікке, атқа отырып кете береді.
Нұрлан Асқарұлы
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.