Әскери қызметке дайындық пен тәрбие жүйесі жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметке дайындық пен тәрбие жүйесі жаңартылды

17.07.2025

Елімізде әскери тәрбие мен әскери қызметке қатысты заңнамаға өзгеріс енгізілді. Қарулы күштердің ақпарынша, бұл өзгерістер жастардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыруға, әскери даярлықты күшейтуге және әскердің әлеуетін нығайтуға бағытталған. Жаңа құжат аясында Қорғаныс министрлігі жанынан республикалық кеңес құрылады. Өңірлерде де орталықтар жұмыс істемек. Мектептерде арнайы әскери мектептер ашылады. Дайындықтан өткен жастардың әскери оқу орындарына түсуіне басымдық беріледі. Ал әскери кафедралар әскери факультетке айналуы мүмкін. Әскерден кейін жастар ЖОО мен колледждерге жеңілдікпен түсе алады. Қызмет үшін оқуын кейінге қалдырғандар грантты жоғалтпай, академиялық демалыс ала алады, дейді мамандар. 

 Фархат Айдарбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полковник:

Әскери жүргізуші куәлігін алуды заңдастырдық. 18 жасында емес. Жалпы, әскерге шақырылған азаматтар, оның ішінде келісімшарт болсын, олар әскердегі дайындық мектептерімізден өтіп, әскери жүргізуші билетін алып,  әскери техниканы жүргізе алады. 

Динара Жарқынбек


   

Хабарламаларға жазылу