Еуропа одағы бүгін Ресейге қарсы санкциялардың 18-пакетін бекітуі мүмкін. Егер ол мақұлданса, Ресейдің мұнайы мен мұнай өнімдерін сатып алушылар мен тасымалдаушыларға қарсы шектеулер күшейеді. Сонымен қатар Қытай мен Беларусьте жұмыс істейтін ресейлік компаниялар мен банктерге қарсы санкция тіпті қатаңдатылады. Дегенмен Брюссельге мұндай құжатты қабылдау қиынға соғып отыр. Өйткені осы одақтың мүшесі – Словакия билігі Ресей газынан толық бас тартуға наразылық білдіріп, кезекті санкция жобасын бірнеше айдан бері қолдамай келеді.
Арыстан Рысбек
