Мемлекет басшысы халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

16.07.2025

Президент халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Барселонада өткен халықаралық STEM олимпиадасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған халықаралық химия олимпиадасында топ жарған қазақстандық оқушыларға жеделхат жолдады. Бұл жетістікті еліміздің абыройын асқақтатқан тарихи жеңіске бағалап, білім беру саласының қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

«Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!» - деп жазды Мемлекет басшысы.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу