Маңғыстауда балқаймақ қосылған бәліш пен шұбаттан әзірленген тоқаш пісіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда балқаймақ қосылған бәліш пен шұбаттан әзірленген тоқаш пісіріледі

16.07.2025

Ел экономикасы мен әлеуметтік саланың дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген мамандық иелері көп. Солардың бірі - наубайшылар. Ақтаулық Жарболсын Жүзбай осы мамандықты меңгеру үшін кәсіптік-техникалық колледжде оқып, Астанада білікті мамандардан дәріс алған. Өз ісінің шебері бүгінде дәмхананың - бас наубайшысы.

 Жарболсын Жүсіптің жасы 18-де. Ол наубайшылыққа бала кезінен қызыққан. 9-сыныптан кейін армандаған мамандығына түсіп, 3 жыл білім алды. Былтыр кәсіби наубайшы болып алғашқы еңбек жолын бастады.

Жарболсын Жүсіп, наубайшы:

Негізі көбісі сол осы мамандықты таңдаған уақытта ата-аналар негізі басып тастайды. Біздің үйдегілер қолдады енді барынша және де менің ағамның кафесінде жасаған соң ешқандай қорыққан жоқ. Табиғи, жанағы қоспасыз нан шығару мақсатымыз, халыққа таза нан беру және де бізде без глютеновый глютенсіз нандар бар.

 Жарболсын жұмыс істейтін дәмханада тәтті тоқаштар мен нанның алуан түрі пісіріледі. Тіпті, балқаймақ қосылған бәліш пен шұбаттан әзірленген тоқаш та бар.

Рауан Кенжетай, кәсіпкер:

Біз енді Маңғыстау өңірі болғандықтан біздің өңірге тән әр түрлі өнімдерді шығарып жатыр. Оның ішінде шұбатпен, балқаймақпен, біздің барлық тұтынушыларымыз, қонақтарымыз, арнайы сол өнімдерді іздеп келетін де қонақтарымыз бар. Келесі жылы біз Еуропа елдерінде ашылғымыз келеді негізі. Соған осы кадрларды дайындап жатырмыз. Соның ішінде Жарболсын бар.

Жарболсын үшін бұл кәсіп - тек жұмыс емес, жүрек қалауымен атқаратын іс. Ол күн сайын тұрғындарға дәмді нан ұсыну арқылы, алғысқа бөленіп келеді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу