Италияда өтетін Қысқы Олимпиаданың медальдары көпшілікке көрсетілді. Олардың бір беті әлемдік ойындардың дәстүрлі символы - бес сақинамен безендірілсе, екінші жағында турнирлердің өтетін жері мен жылы жазылған. Сонымен қатар, Венецияда Паралимпиада атлеттеріне арналған медальдар да жұрт назарына ұсынылды. Ақ Олимпиада 2026 жылы ақпанның 6-сында ашылып, 22-сінде аяқталады. Милан мен Кортина-д'Ампеццо курорттық қаласында өтетін ойындар барысында 245 алтын, 245 күміс, 245 қола жүлде сарапқа салынады. Ал паралимпиадашылар осы үш санаттың әрқайсында 137 медаль үшін бақ сынауы керек.
Арыстан Рысбек
