Қайтарылған заңсыз активтер есебінен 400-ден астам нысан салынып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.
Нақтырақ, 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды, оның ішінде: сумен жабдықтау және су бұру желісінің 230 жобасы, 162 денсаулық сақтау жобасы, білім беру саласындағы 10 жоба және спорт саласындағы 4 жоба бар.
Азамат Бейбітұлы
