Парламент Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Алдымен сенаторлар Қордай ауылындағы аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасымен танысты.
Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің жылу қазандықтарының қыс маусымына дайындығын көрді. Ал «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қаракемер және Қарасу ауылында салынып жатқан білім нысандарына барды. 300 орындық екі мектептің құрылысы былтыр басталған. Биыл күзде бітуі тиіс. Депутаттар сапа талаптарын сақтап, мердігерлерге мерзімінен кешікпеуді ескертті. Айта кетейік, аймақта Президент тапсырмасына сәйкес былтыр 4 мектеп салынды. Ал биыл тағы үш «Келешек мектебі» бой көтереді.
Данияр Әлімқұл
