ШҚО-да орман өртіне қарсы 52 мобильді топ құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да орман өртіне қарсы 52 мобильді топ құрылды

15.07.2025


Шығыстағы орманға өрттен қауіп төніп тұр. Өйткені табиғат аясына демалуға келгендер қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтай бермейді. Сондықтан өртті болдырмас үшін аймақта 52 мобильді топ құрылды. Бұл топтар 600-ге жуық рейд жүргізген. Нәтижесінде бекітілген талапты елемей, ереже бұзған 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде 55 өрт сөндіру бекеті мен 9 ерікті топ құрылды.

Медет Мұқашев, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:

Рейдтік шара барысында мобильді топтар ұшу аппараттарын қолданады. Жаяу жүру арқылы орман дала алқаптарын өту барысында адамдарға өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізіп, рейдтік шаралар жүргізеді.

Олжас Керейхан 

Хабарламаларға жазылу