Елімізде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Арқалық қаласының тұрғындары мен «Жасыл ел» еңбек жасағы саябақ пен көше бойын, көпқабатты үйлердің аулаларын ретке келтірді. Игі шараға екі жүзден астам адам өз үлесін қосты. Акция басталғалы қала мен он екі елді мекеннен алпыс мың текше метрден астам қоқыс шығарылған.
Мейрамбек Бейсенбек, Арқалық қаласы «Жасыл ел» еңбек жасағының үйлестірушісі:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының еңбегі зор. 14 және 35 жас аралығындағы оқушылар, студенттер және жұмыссыз жастар тартылған болатын. Осы екі ай ішінде 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жасақта 120-ға жуық жастар жұмыс істеуде.
Мәдина Нағашыбай
