Ресейдің 59 өңірінде орман өрті дес бермей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің 59 өңірінде орман өрті дес бермей тұр

14.07.2025

Ресейдің 59 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Бір күнде тілсіз жау 2 мың гектардан астам жерді шарпыған. Әсіресе Якутия, Красноярск, Томск, Воронеж облыстарында жағдай мүшкіл. Өртті ауыздықтауға техника мен маман тапшы. Төрт өңірде төтенше жағдай жарияланды. Соңғы бір аптада іргелес елде жалпы аумағы 26 мың гектар ірі 300 орман өрті сөндірілген. Енді Ресейде орман өртіне қасақана не байқамай себепші болғандар бір миллион рубль айыппұл төлеп, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу