«Дарын» жастар сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дарын» жастар сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

11.07.2025

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына байқау жарияланды. Жастар сыйлығына 10 номинация бойынша 35 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады. Ал «Тәуелсіздік ұрпақтары» жүлдесі бойынша 3 миллион теңгеден 30 грант беріледі. «Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған болатын. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-тан астам жас иеленді. Ал былтырдан бастап жастар сыйлығының жүлде қоры 1 миллион теңгеге ұлғайтылды.

Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

«Дарын» – жастар үшін ең маңызды сыйлық. Оны алуға үміткерлерге әрқашан ерекше талаптар қойылады. Әлеуетті лауреаттар тек талантпен емес, шығармашылық, ғылыми немесе спорттық ортада жетістікке жетуі керек. Жоғары интелетуалдық рух, қоршаған ортаны жақсы жаққа өзгертсем деген талпыныс өте маңызды.

Дархан Рақымжан


Хабарламаларға жазылу