Түркиядағы террорлық ұйым қаруын тастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы террорлық ұйым қаруын тастайды

10.07.2025

40 жылға жуық Түркия билігіне қарулы қарсылық көрсетіп келген «Күрдістан жұмысшы партиясы» террорлық ұйымы ертең барлық қару-жарағын Түркия мен Ирак үкіметіне тапсыру науқанын бастайды. Бұл туралы осы ұйыммен тығыз байланыстағы «ДЕМ» саяси партиясының Түркия парламентіндегі депутаты мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл науқан бірнеше айға созылады. Ал 1999 жылдан бері Түркия түрмесінде отырған «Күрдістан жұмысшы партиясының» көсемі Абдулла Өжалан бейнеүндеу арқылы өзінің партияластарын қаруларын тастап, Түркия билігімен тек дипломатия шеңберінде келіссөз жүргізуге шақырды. 1976 жылы солшыл социалистік бағытта құрылған «Күрдістан жұмысшы партиясы» 1980 жылдардан бері Түркияға қарсы қарулы шабуылдар ұйымдастырып келген еді.

Айшегүл Доған, «ДЕМ» партиясының ресми өкілі:

Біз қазір тарихи сәтте тұрмыз. Түркия тарихында жаңа парақ ашылды. Қақтығыстардың тоқтап, қарулардың тасталуы үшін алғашқы қадам жасалды. Осы аптада біз талқылап жүрген мәселеміздің өте қымбат екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Біз қақтығыстарды тоқтатудың маңызды кезеңіне қадам басып келеміз.

Айдос Әшім


Хабарламаларға жазылу