Медициналық колледждерге қабылдау ережелері күшейді. Бұрын тек психометриялық тесттен өтетін талапкерлер, енді таңдаған мамандығына сай бір бейіндік пәннен емтихан тапсырады. «Мақсатымыз – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында орта буын медицина мамандарын сапалы біліммен қамту» деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Айта кетейік, Қазақстанда 94 медициналық колледж бар. Оның 22-і мемлекеттік және 72-і жекеменшік.
Назира Жолжанова, ҚР ДСМ Мейіргер ісін дамыту басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда медициналық колледждер 9 мамандық бойынша даярлық жүргізгендіктен, әрбір мамандыққа бізде бейіндік пән іріктелген. Яғни «мейіргер ісі», «емдеу ісі», «акушер», «медикопрофилактикалық ісі» сынды мамандықтарға биология бейіндік пән ретінде бекітілген. Одан бөлек, «ортопедия» мен «стоматология»-да сурет салу, яғни олардыкі шығармашылық болғандықтан, емтиханда сурет салуы керек. «Лабораториялық диагностика», «Фармацевтика» деген мамандықтарына химия пәні бекітілген.
Ақниет Балтанова
