Филиппиннің Ситангкай қаласын тонна-тонна қоқыс басты. Теңіздің фаунасы мен флорасына қауіп төндірген қалдықтарды тазартуға жүздеген адам қатысты. Жергілікті халық қайықтарға мініп, «Оңтүстіктің Венециясы» атанып кеткен көне шаһардағы қоқысты қолмен жинады. Тағы бір айта кететін жайт, Ситангкай әкімшілігі «ақша үшін қоқыс» атты бағдарламаны іске қосты. Мақсат – балалардың пластик ыдыстарды сатып, мектепке қажетті заттарды өздері сатып алуына мүмкіндік жасау.
Арыстан Рысбек
