Еліміздің үш бірдей қаласын ауыз сумен қамтып отырған Сәтбаев атындағы су арнасын жаңарту үшін 84 миллиард теңге қаржы керек. Биыл Үкімет бұл мақсатқа 12 миллиард теңге бөлді. Қазір негізгі сорғыларды жөндеу және электрмен жабдықтауды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Аманат» фракциясы депутаттары нысанға арнайы барып, осыдан екі жыл бұрын болған апат кезінде электрмен жабдықтау тоқтап қалған номері 2-і су сорғы станциясындағы атқарылған жұмыстарды көрді. Еңбек ұжымымен кездесті.
Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы жерде су арнасында адамдардың еңбекақылары төмен болған. Қазір 1 шілдеден бастап бекітілген, оларға 50% еңбекақысын көбейтті. Жаңа ғана жігіттерден сұрадым, олар ең төмені 400 мың теңге еңбекақы алады. Ары қарай өсе береді деген сенім бар.
Болат Аманбаев
