Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді

09.07.2025

Соңғы алты айда елімізде 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелген. Алаяқтар қазақстандықтардан 25 миллиард теңгеге жуық қаражат ұрлаған. Бұл туралы киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мәлімдеді. Құқық қорғаушылар соңғы алты айдың өзінде 67 миллионға жуық киберқылмыстың алдын алып, тосқауыл қойды. Мамандар интернет алаяқтықтың жаһандық деңгейде өршіп тұрғанын айтады.

Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

Екінші деңгейлі банктермен антифройд орталық арқылы өзара іс-қимыл жолға қойылды. Технологиялардың қарқынды дамуына байланысты, соңғы 8 жылда мұндай қылмыстар саны 10 еседен астам өсті. Министрлік киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылдап жатыр.

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу