Бокстан Әлем кубогы: Ел қоржынында 16 жүлде бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Әлем кубогы: Ел қоржынында 16 жүлде бар

07.07.2025

Бокстан Астанада өткен Әлем кубогында қазақстандық 16 боксшы жүлдегер атанды. Ел қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар. Әйелдерден Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Наталья Богданова бірінші орынға ие болса, ерлерден Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Сабыржан Аққалқұлов, Бекзат Нұрдәулетов және Айбек Оралбай жеңіске жетті. Жарысқа қатысу үшін 29 елден жалпы саны 250 боксшы келген. Бұл – рейтингтік жарыс. Яғни, спортшыларымыздың жинаған ұпайлары олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу