Домбыра күні Түркияда да аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Домбыра күні Түркияда да аталып өтті

07.07.2025

Домбыра күні Түркияда да аталып өтті. Стамбұл қаласындағы Абай алаңында домбыра үйірмесіне қатысатын жергілікті жастардан құралған шағын оркестр күй тартып, ән айтты. Түркияда оқитын қазақ студенттері де өз өнерлерін ортаға салды. Қазақтар көп шоғырланған Зейтинбурну ауданында өткен концертті жергілікті қазақтардан бөлек, бауырлас түріктер, сондай-ақ шетелдік туристер де тамашалады. Көрермендер өнерпаздармен бірге ән шырқап, би билеп, кештің сәнін кіргізді. Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы ұйымдастырған шараға жергілікті билік өкілдері де қатысты.

Мұстафа Әли, домбырашы:

Домбыра курсына барып жүргеніме 4 ай болды. Осы уақыт ішінде үш күй үйрендім. Домбыра тартуды өте жақсы көремін. Болашақта үлкен сахнаға шығатын кәсіби домбырашы болғым келеді.

Емре Сертдемир, Стамбұл қаласының тұрғыны:

Орта Азияның музыкасын өте жақсы көремін. Өзім де бірнеше музыка аспабында ойнаймын. Бүгінгі концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Көңіл күйіміз көтеріліп, бүгінгі күніміз тамаша өтті.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу