Қарағандыда өзінің туған балаларын баласыз отбасыларға сыйға берген әйел мен ортада делдал болған медбике сотталды. Іс бір жыл жүрді. Бұл оқиға туралы айтқанбыз. Балаларды асырап алған ерлі-зайыптылар да сотқа тартылды.
Келіншекке 2 сәбиін «сыйға бергені», ерлі-зайыптыларға заңсыз жолмен бала қабылдағандары, ал медбикеге дәлдал болып жәрдемдескені үшін «жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты әрекеттер жасады» деген айып тағылды.
Әйел 5, медбике 8 жылға сотталды, ал екі отбасылық жұп 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Енді басты сұраққа, өте маңызды сұраққа келейік. Балалар қайда барады? Асырап алғандар туу туралы куәліктерде «балалардың әкесі» деп өздерін көрсеткен.
Үкім шығарған Қарағанды сотына меншікті тілші хабарласқанда «Балалар қазір балалар үйінде, бір ай көлемінде шешім қабылданады» деген. Әу баста асырап алған отбасыларға бере ме, бермей ме? Иә, заңсыз жолмен жүрді. Дегенмен олар бір-біріне бауыр басып қалды емес пе?!
Жайна Сламбек
