Алматы облысы, Көкөзек ауылында Lexus автокөлігінің жүргізушісі велосипед теуіп жүрген 6 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылған.
Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ауыл дүкендерінің бірінің жанында болған. Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде баланы соққан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көліктің оқиға орнынан кетіп қалғаны анық көрінеді.
Меруерт Морякова, Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі:
Полицейлер жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу фактілері бойынша қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі уақытта күдіктінің болған жерін анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Жазира Оразқызы
