«Әміре» - Ернар Садырбаев елге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әміре» - Ернар Садырбаев елге келді

19.07.2018

«Славян базары» халықаралық фестивалінде жүлделі бірінші орын алған «Әміре» - Ернар Садырбаев елге келді.

Сағат тілі түнгі 3-ті соқса да, «Әміре» әншіні өнерсүйер қауым сергек қарсы алды. Бас жүлдеге бергісіз жүлделі орынды алған ұлды жеңімпаз санайды. Ернар байқаудың үш күнінде де бірінші орында тұрды. Румыниялық әншімен ұпайы тең түсті. Алайда, бас жүлде бұйырмады. Дегенмен, әншінің жігері жасымапты. Ән мектебін ашып, бейнебаян түсіріп, өнер жолын әрі қарай да жалғастырмақ.

Ернар Садырбаев, әнші, «Славян базары» халықаралық фестивалінің жүлдегері:

- Әуежайдан түскенде, әрине, ерекше сезімде болдым. Профессионалдық тұрғыда ән айтып жүргеніме биыл 11 жыл болды. 12 жасымнан ән айта бастадым. Өнерге баулыған ұстаздарыма, қолдау көрсеткен Қазақ еліне үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу