Ұлттық музейде Қытай бұрышы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде Қытай бұрышы ашылды

17.07.2018

«Таңғажайып  Қытай» деп аталатын фото көрмеде Қытай елінің  көрікті әрі ерекше жерлерінің суреттері қойылған. Мәселен, онда бүкіл тасы қып-қызыл жер бар. Олар оны «Қызыл тасты орман» деп атап, ұлттық саябаққа айналдырған.

Сондай-ақ, Хубэй қаласында айдаһар үңгірі деген табиғаттың ерекше құбылысы пайда болған. Туристер оны арнайы барып көреді. Мұнан басқа, алып елдің ірі құрылыстарын да байқайсыз. Бейжіңде салынып жатқан жаңа әуежай, теңіздің үстінен мыңдаған метр биіктікте тұрған аспалы көпір, тағы да басқа әлемге танылған жобалары қойылған. Екі елдің байланысы да назардан тыс қалмапты. Соңғы бес жылдағы қол жеткен жетістіктерді жан-жақты ашып көрсеткен. «ЭКСПО»-дағы кездесулердің естелік суреттерін көресіз. Тағы бір мақтанып айтатын нәрсе, қытайлықтар өздерінің алып жобаларының қатарына біздің Димашты да қосыпты. Әлем таныған қазақ баласына деген ниеттері ерекше. 

Лю Цзяньпин, Қазақстандағы Қытай елшілігінің сенімді өкілі:

- Қытайда Димаштың жанкүйерлері өте көп. Ол концерт бергенде залға адам сыймай кетеді.  Мен өзім оның әндерін сүйіп тыңдаймын. Қытай тілінде де жақсы ән айтады. Ол қазір Қытайдағы ең танымал жұлдыз болып тұр.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу