Қазақстан 9 млн тонна жаңа астық экспорттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 9 млн тонна жаңа астық экспорттады

02.07.2025
Қазақстан 9 млн тонна жаңа астық экспорттады

Қазақстан 9 млн тонна жаңа астық экспорттады

2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың маусымына дейін еліміз 9 млн тонна астық экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға көп.

Экспорт көлемінің артуы шетелдік сұраныстың жоғары екенін және логистика мен сауда географиясын кеңейту шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді.

Негізгі бағыттар:

– Өзбекстан – 3,3 млн т (+32%)

– Тәжікстан – 1,2 млн т (+45%)

– Ауғанстан – 309 мың т (+46%)

– Қырғызстан – 233 мың т (+94%)

– Иран – 974 мың т (17,5 есе артқан)

– Әзербайжан – 707 мың т (116 есе артқан)

Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемінің күрт өсуі көлік инфрақұрылымының дамуымен және халықаралық дәліздердің кеңеюімен тікелей байланысты.










Хабарламаларға жазылу