Астанада алғашқы  комедия театры ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғашқы  комедия театры ашылды

09.07.2018

Оның көркемдік жетекшісі және бас директоры болып белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағайындалды.  Мемлекет есебінен қаржыландырылатын комедия театры «ЭКСПО» қалашықтағы «Энергия холл» ғимаратында орналасады.  Көрме кезінде «Энергия холл» деп аталған ғимараттың аты бірінші шілдеден бастап «Номад холл» деп өзгертілді және ол жаңа театр ұжымына берілді.  Қалалық  мәдениет және спорт басқармасына қарасты театрда әзірге 60 адам жұмыс істейтін болады. Болашақта қызметкерлер саны 120 адамға дейін өседі. Оның 35-і кәсіби әртістер. Театрда әлемдік үздік комедиялық спектакльдері қазақ тілінде сахналанады.  Сондай-ақ, театрға Тұрсынбек Қабатовтың төл жобалары «Әзіл әлемі», «Назар аудар» және «Көңілді тапқырлар клубы» секілді жобалар топтастырылады. 

Айта кету керек, Астанада осыдан сегіз жыл бұрын да әкімдік жанынан «Көңілді тапқырлар театры»  атты өнер ұжымы құрылған болатын. Ол театрдың да басшысы болып Тұрсынбек Қабатов тағайындалған. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу