Ресейде көлік жүргізушілеріне айыппұл өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде көлік жүргізушілеріне айыппұл өседі

30.06.2025

Ресейде 1 шілдеден бастап көлік жүргізушілеріне жол полициясының талабы бойынша тоқтаудан бас тартқаны үшін айыппұл 12,5 есе өседі. Қазір тәртіпке бағынбаған жүргізушілер 500–800 рубль төлесе, енді бұл сома 7–10 мың рубльге дейін жетпек.

Ал жүк көлігі жүргізушілері үшін айыппұл 600 мың рубльге дейін (шамамен 4 миллион теңге) өседі.

Мәскеуде такси жүргізушілері қаланы білмегені үшін де жазаланады. Олар мәдени мұра, спорт, білім беру, медицина мекемелері мен билік органдарының орналасқан жерін және оларға кіру жолдарын жатқа білуі тиіс. Бұл үшін арнайы аттестаттаудан өтеді. Талапты орындамаған жүргізуші 5 мың рубль айыппұл төлейді.

Виктор Потуремский, сарапшы:

Егер көлік жүргізушісінің үш төленбеген айыппұлы болса, әрі қарай көлік жүргізе алмайды. Ал такси жүргізушілері көлігін күнделікті техникалық тексеруден өткізуі тиіс. Бұл такси қызметінің қымбаттауына, жемқорлықтың күшеюіне және жалған анықтамалардың көбеюіне жол ашады. Қазірдің өзінде такси бағасы 40%-ға өсті.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу