Жаһандық ғылыми рейтингте Қазақстан үздік 75 елдің қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаһандық ғылыми рейтингте Қазақстан үздік 75 елдің қатарына кірді

30.06.2025

Қазақстан жаһандық ғылыми рейтингте үздік 75 елдің қатарынан орын алды. Былтыр отандық ғалымдар әлемге әйгілі басылымдарда 3 мыңнан астам ғылыми мақала жариялаған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.

Осының арқасында еліміз рейтингтегі позициясын бірден 3 сатыға жақсартты. Бұл – қазақстандық ғалымдардың халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп, жаһандық ғылыми аренада белсенді бола түскенінің айғағы.

Айта кетейік, жаһандық ғылыми рейтингте Қытай, АҚШ және Ұлыбритания көш бастап тұр. Бұл елдер жылына 150 мыңнан 800 мыңға дейін ғылыми мақала жариялайды.

📚 3 мың ғылыми мақала жарияланды

📈 2023 жылдан +20%

📊 Рейтингте 78-орыннан 75-орынға көтерілді

Рейтинг көшбасшылары:

Ⅰ️⃣ Қытай — 840 мың мақала 📝

Ⅱ️⃣ АҚШ — 436 мың мақала 📝

Ⅲ️⃣ Ұлыбритания — 150 мың мақала 📝

Жанель Өтеулі


Хабарламаларға жазылу